M'Dee продюсер атанды! Музыканттың iTunes көшінен табылған әртісі кім?

ТМД елдеріне танымал музыкант M’Dee енді продюсер атанды! Өнерпаз бүгінде «Закрытый клуб» атты лейбл ашып, жас таланттарға басшылық етіп жүр.

Музыкалық жетекші атанған Мәди Тоқтаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі -Аяулым Құсайын. Ayau лақап атымен танылған 19 жастағы әнші қыз бұған дейін «The Voice of Qazaqstan» жобасына қатысқан.

https://www.youtube.com/watch?v=ZdS16LnErEc

Аяудың «sybyrlaiyn» трегі iTunes музыкалық чартының көшін бастады. Тіпті топ чартта Аяулымнан кейін екінші сатыда Eminem тұрса, үздік үштікке V $ X V PRINCE жайғасқан.

Поделиться: