say mo

«Алдағы махаббатым үмітті саған арттым!» Дәл осылай қазақша әндеткен Say Mo су жаңа бейнебаянының тұсауын кесті! Әдетте тек орыс тілінде туындылар ұсынып жүрген рэпер ару, осылайша тыңдармандарын таңқалдырған-ды. Еске салсақ, көптен күткен «Махаббатым» трегін Мөлдір Есембек бір айдан бері жарнамалап келген еді.

Ал, Say Mo-ның махаббат тақырыбында әндетуінің себебі де жоқ емес. Соңғы кездері инстаграм парақшасында белгісіз жанмен фото жүктеп жүрген әнші посттың астына «Сені ұзақ тіледім» деп жазба да қалдырған еді. Ал, бет-әлпетін жасырып жүрген серінің кім екені әзірге белгісіз.

Десе де, ұзақ уақыт жасырып келген құпия жігітті Say Mo өзінің бейнебаянына түсірген. Оқырмандар оның қазақ емес, өзге ұлт өкілі екенін айтып жарыса жазуда. Ал, белгісіз сері шынында да әншінің жаңа ғашығы ма әлде тек бейнебаянға түскен актер ма? Бұл ақпараттың қайсысы рас екенін Say Mo-ның растағанын күтеміз. Себебі, бұл да пиар қадам болуы әбден мүмкін….

Поделиться: