×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+
16 марта 2016

Мәдина Балғабаева: «Әр мамандық өз жүгін арқалау керек»

Мәдина Балғабаева күнделікті біздің теледидарымыздан бізді елімізде және дүниежүзінде болып жатқан жаңалықтармен таныстырады. Көптеген көрермендер Мәдинаны қазақстандық телевизияда ең сұлу, нәзік және сыпайы тележүргізушілердің бірі деп санайды. 40-қа жақындаған жасына қарамастан, ол әрқашанда көзге тартымды, ерекше, сәнді әрі керемет тұла-бойлы сұлу әйел болып табылады.

Мәдина Балғабаева: "Әр мамандық өз жүгін арқалау керек" 1

Қазіргі қазақстандық телевизия қандай деңгейде? Қазір біздің телевизия қаншама сынға ұшырап жатыр. Интернеттің дамуына байланысты, әрине, сұраныс интернет бағдарламаларына көбірек. Қазір бұрыңғыдай санаулы телеарна жоқ. Көрермендерге көптеген мүмкіндіктер беріліп жатыр. Таңдау арқылы көрермен өз талғамын жасайды. Дегенмен де, біздің телевизияның сапасы төмен деп айта алмаймын. Біз біртіндеп дамып келе жатырмыз. Сапалы бағдарламалар да бар, сапасыз да бар. Уақыт өте келе оның барлығы өз орнына келеді деп ойлаймын. Сапалы бағдарламалар ары қарай дамиды, сапасыз бағдарламар төмен рейтингтің салдарынан жабылады. Негізі, қазір сұранысы көп бағдарламалар жақсы дамуда. Өзім телеарнада жұмыс істегендіктен, телевизияның дамуына барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз деп толық айта аламын. Көбінесе бізді ресейлік телевизиямен салыстырады. Кеңес Одағы кезінде барлық телестудиялар Мәскеуде шоқырланған. Барлық мектептер сол жақта болған. Бізде болса бар-жоғы 20 жыл ғана қазақ телевизиясы, қазақ бағдарламалары дамып келе жатыр. Сол уақыттың арасында да біздің нәтижеміз жаман емес. Біздің тілшілеріміз екі тілді, керемет тәжірибелері бар. Сондықтан олар ресейлік телеарналарға жақсы бәсеке жасай алады. Бізде дарынды тілшілеріміз өте көп. Қазақ телевизиясына тек қана сыни көзбен қарау дұрыс емес. Әр салаға уақыт қажет, қаражат қажет. Барлығы біртіндеп болады.

Мәдина Балғабаева: "Әр мамандық өз жүгін арқалау керек" 2

Әр мамандық өз жүгін арқалау керек. Қазіргі таңда көптеген қыздардың арманы эфирге шығу. Олар жалт етіп эфирден көріну, танымал болуды қалайды. Ол дұрыс емес. Себебі ол үлкен жұмыс, ол үлкен жауапкершілік. Алайда, уақыт өте келе іріктеу барлығын өз орнына қояды. Өйткені сол мамандықты нағыз жақсы көретін, сол мамандықтың қыр-сырын білетін адам қанша жылдар өтсе де сол мамандықта қалады. Телевизияға танымыл болу үшін ғана келетін адамдар бірнеше айдың ішінде жоқ болып кетеді, менің өмірлік сүйетін ісім деген адамдар қалады. Жалпы журналистикаға кездейсоқ келген адамдар бұл мамандықты көпке шыдамайды. Сондықтан оны алаңдатудың қажеті жоқ. Іріктеу барлығын көрсетеді.

Телевизияда көптеген жас тележүргізушілер жасандылыққа көп көңіл бөле бастады. Эфирде жасандық қажет емес. Бұл менің ең басты ережем. Сіз өзіңіз байқап отырғандай, менде ешқандай жасанды шаш, кірпік, тырнақ жоқ. Ерінді де мен үлкейтіп көрген емеспін. Менде жасанды ештеңе жоқ. Мен бұл әйелдерге арналған заттарға құмар емеспін. Жасанды қас өте керемет салынса да, жасанды екені көрініп тұрады. Онда оны жасатудың не қажеті бар? Шашым қысқа болса да, жасанды жасағаннан гөрі, жақсы күтілген, жылтыр болғанын қалаймын. Менің ойымша, жасандылық еркектерге де ұнамайды. Ең бастысы өзін әрқашанда күту керек. Сол кезде ғана сіз күнделікті сұлу боласыз.

Мәдина Балғабаева: "Әр мамандық өз жүгін арқалау керек" 3

Әйел бақыты неде? Мен өзім бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Көбісі әйел бақыты қасыңда жарың болғанда, балаң болғанда деп айтып жатады. Ал егер де біреудің қасында күйеуі болмаса, сонда оның әйел бақыты жоқ па? Мен бұл сұраққа бір кейпі жауап бере алмайын. Әйел бақыты тек бір ұстанымнан қалыптаспайды. Бұрын, мен тұрмыста болмаған кезде, осы сұраққа былай жауап берер едім: әйел бақыты ол қасыңда сүйікті жарыңның болуы, өзіңе қиын жағдайда иық тірейтін ер адамның болуында. Сол әйел бақыты деп ойлайтынмын. Қазір ойым басқаша. Менің жарым жоқ болса да, қасымда өсіп келе жатқан балам бар, сүйікті ісім ба. Мен өзімді бақытты сезінемін. Болашақта мүмкін тағы да балалар болатын шығар, кім біледі. Әр адамның өз тағдыры бар. Жеке өмірде де солай. Маңдайына не жазылды, сол болады. Мен соған сенемін. Тұрмыста болып, өздерін бақытсыз сезініп жүрген қаншама әйелдер бар. Сондықтан әйел бақыты қасында жарыңның болуында деп айта алмаймын.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: