Біз сіздер үшін осы аптада қандай фильмдерге отбасымен, достармен, сүйіктілермен барып, көруге болатынын таңдадық.

Танымал жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» атты классикалық ертегісінің экранизациясы біздің ТМД елдеріне де жетті. «Кунг-фу панда» және «Губка боб – квадратные штаны» анимациялық фильмдерімен танымал болған режиссер Марк Осборн осы жолы бізді қияли әрі қызықты оқиғаларға толы әлемге апарады. Осборн бізге ертегіні кішкентай қыздың оқиғасы арқылы көрсетпек. Ол ханзада туралы біліп, оған бар күшімен көмектесуге тырысады. Қыздың таңғажайып, қызыққа, қауіпке толы саяхаты осыдан бастау алады. Сондай-ақ, ол шынайы достықтың керемет қыр-сырларымен де танысады.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 1

Нәтижесінде лента балаларға да қызықты және бұрыңғы заманның мультфильдерін сағынып жүрген ересектерді де зеріктірмейтін болып шықты.

Мультфильмді жасау барысында екі түрлі анимациялық техникалар қолданылған. «Маленький принц» мультфильмі Бразилияда ең күшті әсер қалдырған американдық емес алғашқы мультфильм болды. Үш апта көлемінде ол бразилиялық чартта бірінші орынды ешкімге бермеген. Осы жылдың 8-ші қазанына дейін анимацияны екі миллионнан астам адам көріп үлгерді. Бұл француз жазушысының «Маленький принц» шығармасының тарихтағы алғашқы толықметражды мультипликациялық қойылымы болып табылады.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 2

Мультфильдегі басты кейіпкерлер Рэйчел МакАдамс, Пол Радд, Джеймс Франко, Марион Котийяр, Венсан Кассель, Бенисио Дель Торо, Маккензи Фой және тағы да басқа танымал актерлердің дауыстарымен сөйлейді.

24-ші желтоқсаннан бастап қазақстандық кинотеатрларда отандық режиссёр Азиз Өмірзақовтың «XXI ғасырдағы Алдар Көсе» жаңа жылдық комедиясы көрсетіле бастады. Фильм Медет есімді сәтті бизнесмен жайында баяндайды. Белгілі болғадай, жұмысы сәтті әрі жемісті жүріп жатқан адамның өмірі көптеген кездесулер, келіс сөздер, жұмыс сапарлар мен келісім шарттарды жасаумен өтеді. Тіпті сүйікті әйеліне және балаларға уақыт жетпей қалады. Жаңа жылдың қарсаңында Медет түрлі оқиғаларға тап болып, өміріндегі үлкен сыннан өтуге мәжбүр болады. Ал Жаңа жылда армандар, қиялдар орындалу керек демекші, Медетке көмекке Алдар Көсе келеді.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 3

Фильмдегі басты рольдерді Нұржан Бейсенов, Шыныбек Рахмашев, Фархат Абдраимов, Қаракөз Тілеубекова, Обид Асомов және Дина Тасбулатова сомдайды. Айта кетейік, «XXI ғасырдағы Алдар Көсе» Азиз Өмірзақовтың комедия жанрында түсірілген тұңғыш фильмі.

 

Сонымен қатар, кинотеатрларда ресейлік режиссер Жора Крыжовниковтың «Самый лучший день» жаңа комедиясы көрсетіліп жатыр.

Фильм жол-патрульдік қызметте жұмыс істейтін Петя Васютин есімді жігіт жайында баяндайды. Ол баяғыда отау құратын жасқа таяп қалды. Арнайы күн таңдап, қалыңдығына сөз салам деген кезде, Петяның қызметтік автокөлігіне мас күйінде рульге отырған танымал поп әнші соғылады. Осы келеңсіз жағдайдан кейін қызықтың барлығы басталады.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 4

«Горько» және «Горько-2» фильмдерінің режиссері жаңа киносын караоке-барларында жиі шырқалатын әндердің негізінде жасалған ерсіл-әзіл комедиялық сахналарға толы етіп түсірген. «Самый лучший день» киносы  түсіріліміне ондаған тәжірибелі бишілер шақырылған болатын. Айта кетейік, фильмнің продюсерлері арасында біздің Тимур Бекмамбетовтың да есімі бар.

Отандық киносыншылардың пікірінше, Крыжовников таңқалдырудан жалықпайды. Ол кинематографқа жаңа жанрларды еңгізіп, халыққа жақын сапалы комедиялар шеберіне айналды.

Басты рольдерді Дмитрий Нагиев, Юлия Александрова, Ольга Серябкина, Инна Чурикова, Михаил Боярский, Елена Яковлева, Владислав Ветров және тағы да басқалар сомдайды.

«Снупи и мелочь пузатая в кино» танымал мультфильмі біздің елде де көрсетіле бастады. ТМД елдрінде Чарли Браун және Спупи кім екенін аздаған адамдар білетін шығар. Бірақ АҚШ-та бұл кейікерлер ұлттың көзайымына айналып үлгерді. Марқұм болып кеткен суретші Чарльз Шульц 50 жыл көлемінде Чарли есімді ұялшақ бала және оның Снупи иті жайында баяндайтын «Мелочь пузатая» атты комикстерін газетке басып жүрген. Американың тарихында бірде-бір әзіл-сықақ комикс осындай үлкен танымалдылыққа ие болмаған.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 5

 

Бұл Чарли мен Снупидің хикаялары жайындағы комикс негізінде түсірілген бесінші толықметражды мульфильм. Бірақ бұл мультфильмнің бірінші төртеуін көрмедік деп уайымдамаңыз. Сюжет алдында болған оқиғалардың білуін талап етпейді. Барлығы онсыз да анық әрі түсінікті.

«Снупи и мелочь пузатая в кино» жаңа мультфильмінде Чарли жаңадан келген сыныптас қыздың жүрегін баурап алмақшы болады. Ол сыныптастың көңілін өзіне қаратып алам дегенде, көптеген күлкілі жағдайларға ұрынады. Снупи болса өз досына көмектесуге асығады.

Мультфильмді Blue Sky студиясы салды. Олардың танымал жұмыстары арасында «Ледниковый период» және «Рио» мультфильмдерін атауға болады.

Өткен аптаның соңғы премьерасы жас режиссер Стивен С. Миллердің «Спасение» (Extraction)фильмі.

Мереке қарсаңында кинода не көруге болады? 6

Ол терроршылар тобымен тұтқынға алынған Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрыңғы агенті Лео Тернер жайында баяндайды. Үкіметтен көмекті күтуден шаршаған агенттің ұлы Гарри әкесін құтқарудағы өз операциясын бастайды. Айта кетейік, Гарри де Орталық барлау басқарманың агенті болып табылады.

Оған көмекке Виктория есімді агент келеді. Бірақ Гарри осындай кездейсоқ көмектің себебін түсінбей, аруға сенбеушілікпен қарайды.

Басты рольдерде  – Джина Карано, Брюс Уиллис, Келлан Латс, Саммер Элтис және тағы да басқалар.