«Өмірің ұзарады!» Диетолог маманы денсаулыққа пайдалы өнімді атады!
Источник фото: Pexels

Ұзақ ғұмыр кешу әрбір жанның арманы. Дегенмен ол үшін зор денсаулық пен сақтық қажет екені барлығымызға мәлім. Бүгінде түрлі дәрумендер мен адамды жасартатын әдіс тәсілдер де жоқ емес. Мәселен, пластикалық операция немесе спорт, дұрыс тамақтану, бір қалыпты күн тәртібі және таза экология. Мұның бәріне үлгеру һәм оларды ұстануға тырысудың өзіне уақыт жеткіліксіз.

Бұл орайда, диетолог-дәрігер Анжелика Дюваль денсаулықты нығайту және соның арқасында өміріңді ұзартудың амалын айтты. «Мәскеу 24» порталының мәліметінше, кәсіби маман сарымсақты жиі жеуге кеңес береді.

«Өмірің ұзарады!» Диетолог маманы денсаулыққа пайдалы өнімді атады!

Диетолог дәл осы көкеніс түрі,ішектегі патогендік микрофлораны жою үшін қажет екенін атап өтті. Бұл өнімді үнемі тұтыну өмірді он жылға ұзартуы мүмкін. Сондай-ақ,Дюваль сарымсақтың құрамында молибден мен хром көп екенін атап өтті:

  • «Хром қандағы глюкоза деңгейін реттеуге қатысады, яғни ол қант диабетінің дамуынан қорғайды. Молибден метаболизм процестерін реттеу үшін қажет, сондықтан бізде ферменттер жақсы өндірілетін болады. Ол біздің ас қорытуымызға пайдалы», — дейді маман. Бірақ, мөлшерінен тым емес, тек күніне бір түйір сарымсақ жеу жеткілікті.
Поделиться: