Назар аудар: сіздің төсектегі басты қателігіңіз

Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева бүгін әр әйел пенденің төсекте жасайтын басты қателегі жайлы айтпақ!

Әйелдердің оргазммен проблемасы мінсіз мүсінінің немесе порножұлдыз сияқты фантастикалық әрекетінің болмауынан деп ойлайсыз ба? Шынында олай емес! Әйелде қозу мен оргазмның болмауы төмендегі қателіктерге байланысты:

  • Алы-ы-ыстан тұспалдайды. Көп әйелдердің ойынша еркектер ойын оқиды деп сенеді. Сол үшін қалауын ашық айтпастан өзі ғана түсінетін “намёкпен” тұспалдайды. Ол дұрыс емес.

Шешімі: телепатия жайлы ұмытыңыз. Ойыңызды сөзбен және іспен анық жеткізіңіз!

  • Өзінің қалауын айтпайды. Бірінші пунктпен байланысты жағдай, өзгешелігі қалауыңызды үнемі айтып отыру. Еркек алты ай бұрын айтқаныңызды ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан сізге ұнайтынын айтып отырыңыз. Бұл еріңізді күтіп, ренжіп, кек сақтағаннан әлдеқайда дұрыс.
  • Тәнінің кемшіліктеріне көп көңіл бөледі. Еркектер шынайы әйелдің жалаңаш және тартымды бейнесінен ләззат алады. Мұндай сәтте өзін-өзі сынау (мен толық болып тұрмын, ішім салбырап қалыпты) әйелдің секстен ләззат алуына кедергі жасайды. Егер сізде де осыған ұқсас проблема болса, өзіңізді бос ұстап ойыңызды басқа нәрсеге аударыңыз.
  • Барлығын дұрыс істеу үшін барын салады. Сүйтеді де өзін ұмытып кетеді. Әйелдер төсекте өзін қаншалықты дұрыс ұстап жатқандығына қатты мән береді. Нәтижесінде мазасыздық әйелдің босаңсуына кедергі келтіреді және оргазм жоқ.
  • Өзіне сенімсіз және жеңіл жанасады.
    Көп еркектерді әйелдердің өзіне деген сенімділігі қоздырады. Жанасуларда да! Ал әйелдер болса керісінше төсекте барлығын тым нәзік жасайды. Сондықтан әйелдерге кеңес — түнде өзіңіздегі “ұялшақты” қуып шығыңыз. Құмарлықпен сүйісіңіз, құштарлықпен жанасыңыз, қысқасы “тигр” болыңыз, тасбақа емес.

Осымен әйелдердің төсектегі қателіктері біткен сияқты. Сіздің еркектерге айтар шағымыңыз бар ма?

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также