18+
5 января 2016

Талантливая Әнші Калия «қанатты» болды

Дайындық барысы бес айға созылған жаңа бейнебаянға әншімен бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан түсілім командасы күшін салды. Калия жаңа жұмысын арманындағы жігітін күтіп жүрген аруларға арнады.

Әнші Калия "қанатты" болды 1

Жаңа бейнебаян жайында. «Қанатымсың» әнін маған Нұрлан мен Сұлтана Қаражігітовтар жазып берді. Ән махаббат жайында, армандардың орындалғанын көрсетеді. Әрбір ару кішкентай кезінен бастап арманындағы жігітін аңсайды, Төлеген Жібегін сүйгендей сүйсін деп тілейді. Мен бұл армандардың барлығы орындалғаны жайында шырқаймын. Арманымдағы жігіт кездесті, айналаның барлығы махаббатқа толды. Осы жолы менің бейнебаяным алғашқы рет толықметражды фильмдерді түсіретін камераға түсірілген болатын. Режиссер қазақстандық Екатерина Суворова болды. Ол біздің бірге түсіріп жатқан төртінші бейнежұмысымыз. Бізде өз ісін керемет білетін, бір-бірін бір ауыз сөзден түсінетін, еңбекті бағалайтын ұжым қалыптасып үлгерді. Клиптің сюжетіне тоқталатын болсақ, ол жерде өзінің оқиғасы бар. Мен бір уақытқа актриса болып кеттім. Бірнеше кейіпкерді ойнап көрдім, қажетті эмоциялар білдірдім. Мен профессионалды актриса болмағандықтан, бұл іс маған кішкене қиынға соқты. Түсірілім алаңында барлық шамдар саған бағытталады, барлық адамдардың назары да саған аударылады. Сол сәтте сен ештеңе болмағандай, барлығын шынайы ойнап шуғуың қажет. Бұл сәл қыиндау екен.

Ең қызығы, біз сюжеттің барлық сахналарын әннің қосуынсыз түсірдік. Түсірілім тобы кейін бейнабаян түсіріп жатырмыз, әнді әлі естігенжоқпыз деп қалжындап жүрді. Соңғы кадрды түсіргенде ғана менің әнімді қостық әйтеуір. Осы бейнебаян арқылы біз таңғажайып, қияли сезімді жеткізгіміз келді. Әрқашанда жақсылыққа сену керек екенін көрсеткіміз келді.

Әнші Калия "қанатты" болды 2

Менің шығармашылығым менің шынайы өміріммен үйлеседі: мейірімді әрі оңды істерге бағытталған. Әрине, әр адамның өмірінде мұң-қайғы, бақытсыз сәттер, жақындарынан айырылу сияқты кезеңдер болады. Бұл жағдайларда ең маңыздысы — біз онымен қалай күресеміз, қиындықтарды қалай жеңеміз. Басты салбырап отыра берсек, ол бас одан әрі салбырап кете береді. Менің басты ережем – кез-келген жағдайды қалай болса да міндетті түрде шешу. Егер де менің қолымнан бұл жағдайды түзеуге, шешуге келіп тұрса, мен барлық күшімді оған саламын.

Мен жақсы істерді жасауға тырысамын. Егер де адам барлығына мейірімділікпен қараса, барлық кикілжің жағдайлар басқаша қабылданады деп сенемін. Барлығына өткір мысқылдаумен және арсыздықпен қарайтын адамдарды онша ұнатпаймын. Көптеген адамдар бұл тек ақылды, білімді адамдарға тән қасиет деп ойлайды. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Мысқылдау және арсыздық мен осы дүние жүзінде барлығын білемін деп ойлайтын адамдарға тән қасиет. Мен осы дүние жүзінде барлығын білем деп ойлайтын адам шын мәнісінде ақымақ адам. Нағыз ақылды, білімді адам басқа біреуді мазақ қылмайды, келеке етпейді. Ақылды адамдар ондай деңгейге өзін түсірмейді.

Әнші Калия "қанатты" болды 3

Қандай болмасын кітап маған уақытында қолыма келеді. Кейде мен кітап оқуды қатты сағынып кетем де, көңіл күйіме лайықты арнайы кітапты іздей бастаймын. Бұл кітаптарда мен әдеттігідей мені мазалап жүрген сұрақтарға жауапты табамын. Әр оқылған кітаптан кейін мен рухани өсемін, есейемін. Мен үшін ол маңызды.

Қазір музыка барлығын ақша билеп тұрған кезеңде тұр. Коммерциялық жобалар көбейді. Адамдар ақша табуды ғана көздеп, әдемі өмір сүруге ұмтылады. Қазіргі таңда қаржы есептеу және шықармашылық қатарлас жүріп келе жатыр. Алайда мен «сұраныс ұсыныс тудырады» деген нарық заңымен жұмыс істейтін музыканттарды пайымдамаймын. Менің ойымша, бұның барлығы өзгереді, шығармашылық бірінші орынға шығады. Жанға жағатын ән, сиқырлы әуен адамзатқа ауадай қажет екенін барлығы түсінеді. Бұрыңғы заманда сияқты музыкада революциялар әлі жасалады деп сенемін.
Әнші Калия "қанатты" болды 4

Музыка әлемінде ұнататын тұлғаларды атап өту әрқашанда қиын. Бұл өте күрделі сұрақ, себебі керемет музыканттар өте көп. Мәселен, маған Арета Франклин, Уитни Хьюстон, Кайли Миноуг, Келли Кларксон, Адель және Эмми Уайнхаус сияқты әншілер өте ұнайды.

Мен өлең жазамын, бірақ оларды өз әндерімнің сөздері ретінде қолданбаймын. Болашақта, өз өлеңдерімнің жоғары деңгейіне сенгенде, мүмкін олар менің әндерімнің сөздеріне айналатын да шығар. Әзірше білмеймін. Қазір маған біреумен бірлесіп жұмыс істеген ыңғайлырақ көрінеді.
Әнші Калия "қанатты" болды 5

Менде Селин Дионның концертін көріп қайту деген арманым бар. Ол керемет әнші әрі тұлға. Ол өте күрделі әндерді орындайды. Оның шеберлігі соншалықты жоғары, Селин әр концертте барлығын жанды даусыпен орындайды. Меніңше, оның мықты дауысы ешқашан әлсіремейді. Оның дауысының мүмкіндіктері шексіз.

Феминизмге көз-қарас. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда феминизм термині өз орынын тапты. Бірақ ол барлық әйелдердің қалауынша болып жатыр деп айта алмаймын. Бұл заманның талабы. Қазір әйелдер өз-өзін көрсетуге мәжбүр. Қазақ әйелдеріне тоқталатын болсақ, біз үйге, отбасына бейімделген жанбыз, әрқашанда үй шаруасымен айналысамыз, отбасы беріктігін, ошағын сақтаймыз. Біз отбасылық салт-дәстүрді құрметтеп, ұрпақтарға тапсырамыз. Мені барлық істі тыңдырып үлгеретін қазіргі заманның қазақ әйелдері таңқалдырады. Олар сүйікті жар, ана, қыз, немере және адал дос болып үлгереді. Тіпті бизнесте де шыңдарға жетіп жатады. Бұл өте керемет қасиет.

Әнші Калия "қанатты" болды 6

Тәрбие жайында. Әр адамға осы өмірде құрмет қажет. Кішкентай сәби тәй-тәй басқанда, бірінші сөзін айта бастағанда, оны барлығы құрметтейді, қуанады емес пе. Біз өскенде де, бұның барлығы ешқайда жоғалмау керек. Барлығы әрқашанда құрмет алып отырғанды жөн көрем. Ең бастысы ол жанұядан басталатын нәрсе. Әр адамды біріншіден жанұясы құрметтеп, қадірлейді. Соңғы кездері интернеттегі әлеуметтік желілерде негатив пен агрессияны көп көріп жүрмін. Мені естіңіздерші, тыңдаңыздаршы деген әр адамның аузын жаба алмайтынын түсінесің, олармен күресе алмайсың.

Әнші Калия "қанатты" болды 7

Осындай жаман әрекеттердің күннен күнге дамып келе жатқаны өкінішті-ақ. Қазір негативке және агрессияға толы ұрпақ өсіп келе жатқанына мен өте қыңжыламын. Бұл уайымдайтын жәйт. Бұл іштерінде негативтен басқа ештеңе жоқ бақытсыз жасөспірімдер шығар. Олардың ішкі жан-дүниесінде басқа ештеңе жоқ. Үлкендерге, ата-аналарға осы өзекті мәселеге назар аудару керек. Себебі біреудің өмірін сөз қылу, өсектеу, қателерін санау, өз жазасын шығару өмірдегі ең тұрарлық істердің бірі емес деп ойлаймын.

Әнші Калия "қанатты" болды 8

Бет күтімі жайында. Мен бет күтімі процессінен үлкен ләззат аламын. 16-жасымда, барлық қыздарда терімен қыиндықтар басталып, безеулер шыға бастайтын сәтте, мен қуанышыма орай жақсы косметологтың қолына түстім. Ол менің бет күтудегі ережелерімді реттеп берді. Менің ең басты ережелерім – тері әрқашанда тазалауды және ылғаландыруды талап етеді. Мен қаншалықты шаршасам да, ешқашан бетімдегі бояумен ұйықтап қалмаймын. Айына бір рет косметологқа барамын.

Әнші Калия "қанатты" болды 9

Брендтердің арасынан тері зерттеулеріне көп назар аударатын кремдерді таңдаймын. Маған алғашында бет бояуға емес, бет күтіміне арналып шығарылған брендтер ұнайды. Көпфункционалды кремдерге сенбеушілікпен қараймын.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: