«Оның жанында өзімді нағыз әйел сезінемін!» Алтынай Жолдыбаева сүйіктісі жайлы айтты!

«Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен оның жағына шығамын!» Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде сүйіктісі жайлы керемет сезімдерімен бөлісті. Әнші ғашығының барлық қаситеттерін айтып, оқырмандарының қызығушылығын оятты. Бүгінде жеке өмірін құпия ұстайтын кіші Жолдыбаева көңіл жарастырған жігіт жайлы сұрақтарға ашық жауап берген.

«Оның жанында өзімді нағыз әйел сезінемін!» Алтынай Жолдыбаева сүйіктісі жайлы айтты!

«Мен оның жанында өзімді нағыз әйел сезінемін» — деп инста stories-та жазба қалдырған Алтынай, сүйіктісін барлық жағдайда қолдаймын деп отыр. Әнші тіпті «күллі әлем қарсы шықса да, мен оның жағын таңдаймын», — дейді. Алайда, Жолдыбаева ғашығының кім екені және қанша уақыт көңіл қосқаны жайлы ақпарат берген емес. «Ең бастысы бақыт тыныштықты сүйеді», — дейді Алтынай.

Поделиться: