Орал қаласының тұрғындары өткен демалыстарда қала күнін тойлады. Мереке қарсаңында әкімшілік оралдықтарға тамаша сыйлық жасаған еді. Оның ішінде бірнеше жаңа әдемі әрі пайдалы нысандар, субұрқақтар және шағын архитекторлық құрылыстар бар. Сондай-ақ, Оралдың кәсіпкерлері бірлесіп, қаланың символы ретінде бекіре бейнеленген субұрқақ салып, қала тұрғындарына тарту етті.

 

Бізді әсіресе кітап бумасы түрінде жасалған нысан қызықтырып отыр. Бұл керемет құрылыс Қадыр Мырза Әлі атындағы амфитеатрдың жанында орналасқан. Композицияның биіктігі 5, ені 3 метрді құрайды. Онда тек Орал қаласында туып өскен ғана емес, бүкіл әлемге еңбегі сіңген ақын-жазушылар мен ойшылдардың есімдері жазылған: әл-Фараби, Махамбет Өтемісұлы, Ғұмар Қараш, Михаил Шолохов, Абай Құнанбайұлы, Александр Пушкин, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев және Қадыр Мырза Әлі. Ашылу салтанатында әртістер арнайы аталған жазушылардың кейпіне оранып, әр қайсысының өлеңін оқып шықты. Қала әкімшілігінің айтуынша, бұл нысан ұлы тұлғаларды құрметтеу мақсатында ғана қойылған жоқ. Құрылыс ең бастысы қазіргі заманның өзекті мәселесіне арналады. Қазір жастар бос уақытын интернетте өткізіп, кітап оқуға мүлдем көңіл бөлмейтін күйге жетті. Сондықтан бұл нысан өсіп келе жатқан ұрпаққа тұспал, лебіз болады.

 

Әрине, оның барлығы дұрыс. Әдебиетсіз рухани бай және адамгершілігі мол адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Кітап — ол қоғам, мақтануға тұрарлық қоғам өсіру үшін ең алдымен әдебиетті сүюге үйрету керек.

Дегеменде, жаңа нысанның ашылуынан біздің қуанышымыз толық болмады. Қадыр ағамыздың есімі қатемен жазылғаны бізді шамалы ренжітіп тұр. Мырза ӘлІнің орнына Мырза ӘлИ деп әдейі жазылды ма әлде байқаусыздан болып қалған жағдай ма? Онысын өкінішке орай білмедік.

Оралдағы 9 метр кітап бумасы нысаны 1

Әдебиет – кеме, бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.

Понравилась статья?

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Без спама и не чаще двух раз в неделю