Оскардағы даудан кейін Уилл Смит үлкен экрандарға қайта оралмақ!

Әйгілі Голливуд жұлдызы Уилл Смит көрермендерін қайта қуантпақ. Киногер 1 жылдық үзілістен кейін кезекті жобасын ұсынатынын мәлімдеді. Еске салсақ, 2022-ші жылдың наурыз айында Уилл, «Оскар» марапатында әйеліне тіл тигізген жүргізуші Крис Рокты соққыға жығып, шығармашылығына балта шапқан еді. Сол уақыттан бері, талай кинокомпаниялар актермен келісімшартын бұзған-ды.

Осылайша фанаттарын уайымға салған Уилл Смит қуанышты жаңалығымен бөлісті. Актердің қатысуымен «Бостандық» атты туынды жарық көрмек. Смит жаңа фильмнің жабық көрсетілімін алғаш болып достарына көрсетті. Олардың арасында, Рианна, A$AP Rocky және актер Тайлер Перри де бар. Ал ауқымды премьера 9-шы желтоқсанда тұсауы кесіледі. Шынайы оқиғаға негізделген лента, қуғын-сүргіннен қашуға мәжбүр болған құлдың оқиғасын баяндайды. Кім біледі, мүмкін актерге «Оскар» марапаты тағы да бұйырар…

Поделиться: