Отбасылық өмірде эксперимент қажет пе?
Фото: Pexels.com

Біздің сексолог-маман Мөлдір Қазиева бүгін аса қызықты мәселе жайлы әңгіме қозғамақ!

Бүгін интимді ойындардың бірі — телефон тұтқасындағы секс туралы білетін боласыз.



Жұбайыңыз екеуіңіз екі қалада болатын кез өмірде жиі кездеседі. Сондай кезде телефон тұтқасындағы секс араларыңыздағы қашықтықты “қысқартуға” көмектеседі.

Еріңіз жұмыста, ал сіз үйде болсаңыз да қоңырау шалып, сүйіктіңізді түнгі ойынға ынталандырып қойсаңыз болады.

Телефон тұтқасындағы ұмытылмас секстен ләззат алу үшін, төмендегі жағдайларды есепке алыңыз:

Қиындатпаңыз


Бастапқыда бұл ойын сізге қорқынышты, ұят көрінуі мүмкін. Алдымен аздап дайындалып, іштей настрой жасап, сосын барып бастағаныңыз дұрыс. Айна алдында айтатын сөзіңіз бен дауыс ырғағыңызды жаттықтырып көріңіз. Сіздің қысылып тұрғаныңызды серігіңіз сезеді, сондықтан да дайындық маңызды. Серігіңізге түнгі ұйқыдан алдын, немесе таңертаң қоңырау шалып, қалай қатты сағынғаныңызды, егер сол сәт жаныңызда болса қалай бірге тәтті уақыт өткізетініңізді айтып беріңіз.

Тыныштықты ұстап қалыңыз


Бастапқыда сөйлей беріңіз, бірақ араларыңыз өте “ыстық” болғанын байқағанда үнсіз қалыңыз. Сонда серігіңіз сіздің деміңізді ғана естісін. Оған қоса сексуалды ыңырсу дыбыстарын қоссаңыз, бұл оны сізге ынтықтыра түседі.

Отбасылық өмірде эксперимент қажет пе?

Не айтамын?


Бұл әйелдердің жиі қоятын сұрағы, әсіресе телефон тұтқасында не айтуға болатынын білмейді. Бірден секске қойып кетпей, алыстан орағытып әкеліңіз: не істеп жатқандығымен қызығыңыз, сағынғаныңызды, қашан үйде болатынын сұраңыз. Флирт жасаңыз. Одан кешегі таңғы/түнгі секстің қай тұсы ұнағанын сұраңыз. Тағы қайталағыңыз келетінін айтыңыз.

Қалай айту керек?


Дауысыңыз өте интимді және нәзік болуы қажет. Сол сәтте еріңізбен жақындасып жатырмын деп елестетіңіз.
Егер сіз, сексуалды тонда сөйлесуді білмесеңіз, үйренгіңіз келсе айнаға қарап жаттығып көріңіз.

Отбасылық өмірде эксперимент қажет пе?

Қалауыңызды көрсетуге болады


Егер сіздің еріңіз түнге “дайын” болып келгенін қаласаңыз өзіңіздің интимді суреттеріңізді жіберіңіз. Бұл сіздің жалаңаш суретіңіз емес, әдемі іш киімдегі тәніңіздің бір бөлігі (мысалы омырау) болуы мүмкін.

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также