Романтика: Ерекше қарым-қатынас құрудың құпиялары!
Источник фото: Pinterest

Қарым-қатыснаста болсаңыз, әрине романтиканың да болғанын қалайтыныңыз сөзсіз. Әсіресе, сүйіктіңіздің сізге көңіл бөліп, қуантып отырғаны ерекше сезім сыйлайды. Ал, егер арақатынастарыңызда ондай махаббат болмаса, екі жанның бір-біріне деген көңілі суып кетуі де мүмкін.

Романтика: Ерекше қарым-қатынас құрудың құпиялары!
Источник фото: Pinterest

Психолог, психотерапевт Дмитрий Шамша романтикалық қарым-қатынаста бақытты болудың кепілі «өз жұбыңнан ештеңе күтпеу» деген ойды жоққа шығарды.

Кәсіби маманның айтуынша, романтикалық қарым-қатынас екі адам арасындағы шекараны белгілеуден басталуы керек.

«Алдымен ең маңыздысы – екі адамның не үшін бір-бірімен сөйлесіп жүргендерін түсініп алу. Оны түсіну үшін сіз қарым-қатынасты жәй ғана көңілді уақыт өткізу үшін кездесе ме, әлде шынайы қарым-қатынас орнатқысы келе ме, анықтауыңыз қажет. Жұбыңнан ештеңе күтпеу — бұл ешкіммен араласпайтын ғибадатханадағы буддистер үшін қалыпты шығар. Бірақ кез келген қарапайым адамның қажеттіліктері бар», — дейді психолог.

«Адам ең бірінші өзіне ненің қажет екенін «менің қалауым қандай, мен үшін не маңызды, не бағалы?» деген сауалдар қою арқылы анықтау қажет. Ары қарай қарым-қатынастары қажеттіліктер мен қағидаларды жұбыңызмен ақылдаса отырып бекіткен дұрыс. Егер келісімдер бұзылған жағдайда, бұл әңгімеге қайта оралуға тура келеді.

Психолог жақында ғана жағымсыз тәжірибені бастан кешкендер үшін жаңа қатынас бастауға асықпауға кеңес береді.

«Өткен жараларды емдемей жатып, жаңа қатынас бастау дұрыс емес. Сондай-ақ психологтың көмегіне жүгіну артықтық етпейді. Ал егер жаңа қарым-қатынас құрып үлгерсеңіз, ескі жараларыңызды еш кінәсі жоқ жанға таңбаңыз,» — деді Дмитрий Шамша.

Психолог сонымен қатар, ауыр жағдаймен аяқталған арақатынастардан кейін кемінде бір жарым жыл терапияға көңіл бөліп, содан кейін ғана қорықпай жаңа қарым-қатынас бастай беруге болатынын айтты.

Поделиться: