18+
26 августа 2016

Сербия астанасында Жамбыл Жабаевтің мүсіні қойылды

Сербия астанасы Белград қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың  мүсіні қойылды. Бұл ескерткіш ұлы дала Гомері атанған ақынның туғанына 170 жыл толуына орай ашылып отыр.

Мүсіннің қойылғанына байланысты өткен шара барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университе­тінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың тұңғыш рет серб тілінде жарық көрген «Жамбыл. Ұлы дала жыршысы» атты кітабының тұ­сауы­ кесілді. Кітапты серб тіліне аударған– Белград университетінің профессоры, танымал тәржімашы Ольга Маркович.

Бұл – фашизмге қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығына және көрнекті ақынның 170 жылдығына арналған бірегей еңбек. Шара барысында серб тарапы­ның өкілдері мұндай акциялар қазақ халқы­ның мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жете әрі терең түсінуге, кең танысуға мүмкіндік беретінін, сонымен бірге, Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың мәдени бағытын нығайтуға серпін беретінін ерекше атап өткен еді.

Біздің Елбасы болса қазақ ақын-жазушыларының серб тіліне, ал серб қаламгерлерінің туындылары қазақ тіліне аударылса, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтас­тықтың және мәдени-рухани байла­ныстың нығая түсетінін ерекше атап өтті.

Ендеше, құттықтаймыз, ағайын! Біз үшін ол керемет жаңалық.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: