Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева аса қызықты тақырып жайлы әңгіме қозғамақ!

Бірінші дүниежүзілік соғыста ағылшын тыңшылары сперманы көрінбейтін сия ретінде қолданғанын білесіз бе? Міне қызық! Бүгінгі техника заманында шәуетті сия ретінде қолданбайтынымыз белгілі. Сонда да сперманың осындай қасиеті туралы біле жүріңіз.



Одан бөлек еркектің шәуеті туралы ең маңызды ақпараттармен бөлісейін, зейін салып тыңдаңыз.

  • Ең алдымен сперма — еркектің жыныс мүшесінен оргазм алғанда бөлінетін ақ түстес, мөлдір сұйықтық екенін айта кетейін. “Еркегім бітіргенін қалай білемін?” деп жүргендерге жауап болсын.
  • Оның құрамындағы сперматозоидтар әйелдің жатырына түсіп аналық ұрықпен кездескенде бала пайда болады. Оны білетін шығарсыздар?! Алайда, ұрпақ жалғастыруға қабілетті сперма еркектің денсаулығынан да хабар беретінін ұмытпаңыз!
  • Дені сау еркектен бөлінген шәуеттің түсі — ақшыл болады. Егер, сперманың түсі өзгерген болса, денсаулығында қауіпті қабынудың барын білдіреді.
  • Мамандардың айтуынша қалыпты сперманың иісі хлордың иісіне ұқсайды. Егер, оның түсі қалыпты болып, бірақ иісі өткір болса жыныс жолында инфекция барын білдіреді.
  • Тағы бір айтатыны шәуеттің түсі мен иісі өзгермесе де, бірақ сұйылып кетсе — маманға жүгінуге асыққан жөн. Себебі, сперматозоид азайған сайын шәует сұйыла береді екен.

Жалпы алғанда, сперманың қалыпты жағдайдан ауытқуына немқұрайлы қарамаңыз. Өйткені, балалы болу бақыты сол сұйықтықтың саулығына байланысты.

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также