<strong>Биыл 15 жыл! Әйгілі Рэкетир фильмінің кейіпкерлері қазір қайда жүр?</strong>

8 қараша — «Рэкетир» фильмінің авторлары үшін мереке. Себебі, дәл бүгін аңызға айналған атыс-шабысқа толы лентаның тұсауы кесілген сәттен бастап, 15 жыл толып отыр. 2007 жылы жарық көрген режиссер Ақан Сатаевтың әйгілі лентасы әлі күнге дейін сұраныста десек артық айтпаспыз. Туындыдағы фразалар сол заманнан бері хитке айналған.

Аталмыш картина Қазақстандық киноиндустрияда тарихта қалмақ. 800 000 долларға таспаланған фильм, 1 200 000 доллар кіріс көріп, ең табысты лента атанды.

«Рэкетир» — криминалды драмасы Саят есімді жас жігіттің бастан кешкен оқиғасы жайында. 90-шы жылдары бокстан үмітін үзген бозбала, жаман жолға түсіп кетпек. Бұл шешім оның тағдырын өзгертеді.

Ал, әйгілі лентаның басты кейіпкерлері бүгінде қайда жүр және немен айналысады? Бұл сұрақтардың жауабын cosmo.kz журналы анықтап берді.

Саят Исембаев

Саят Исембаев – «Рэкетир» фильмінің басты кейіпкері. Актер бүгінде өзінің актерлық мансабын жалғастырып жүр. Инстаграм парақшасында 216 мың оқырман, Саяттың  шығармашылығын әлі күнге дейін бақылап келеді. Киногер желіде отбасы мен өзінің сүйікті жұмысымен белсенді бөлісіп отырады.

Әсел Сағатова

Әсел Сағатова – «Рэкетир» фильмінде Саяттың ғашығының рөлін сомдайды.

Дәл осы фильмнен кейін талантты актрисаның жұлдызы жанғаны жасырын емес. 15 жыл өтсе де, Әсел кино нарықта әлі күнге дейін сұраныста.

Мұрат Бисембин

<strong>Биыл 15 жыл! Әйгілі Рэкетир фильмінің кейіпкерлері қазір қайда жүр?</strong>

Мұрат Бисембиннің де кинодағы шығармашылық жолы өз жалғасын тапты. Алайда, актер «Брат или Брак» фильмінен кейін үлкен экрандардан көрінбей кетті. Өнер иесі бүгінде әлеуметтік желілерде де белсенділік танытпайды. Десе де, Бисембиннің уақытының басым бөлімі спорт залда өтеді. Актер қанша жыл өтсе де әлі де мінсіз мүсінін жоғалтқан емес.

Жан Байжанбаев

Есесіне, Жан Байжанбаевтың дәуірі жүріп тұр. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері комерциялық талай жобалардың басы қасында жүр. Өнер иесі әсіресе «Бизнес по-казахски» франшизасының арқасында тұрақты көрермендерін тапқан.

Төлепберген Байсақалов

Саясатта да, өнерде де үздік болып жүрген Төлепберген Байсақалов үшін «Рэкетир» фильмі шығармашылық жолының басталуына септігін тигізген жобалардың бірі. Киногер бүгінде талай картинаның арқасында «Үздік актер» атанып үлгерді. Өнер иесі түсірілім алаңында, өзі актер, өзі ұйымдастырушы, өзі продюсер болуға да дайын. 

Поделиться: