Ұядан ұшқан күн! Танымал блогер Aii ұзатылды!

Онлайн той! Инстаграмда ауқымды аудиториясы бар блогер Aii officiiall ұзатылды! Ғаламторда 2,1 млн оқырманы бар желі жұлдызы ұядан ұшқан күнін дүркіретіп атап өтті. Айгерім ең маңызды күнін инста оқырмандарымен бөлісуді де ұмыт қалдырмады. Айтулы кештің әрбір маңызды сәтін Әйгерім мен келген қонақтардың сторисіне оқырмандар бақылап отырды.

Еске салсақ, Айй танымал музыкант Әділ Жалмағамбетовке тұрмысқа шығып жатыр. Әнші «DD Records» лейблының әртісі. Adil лақап атымен танымал өнерпаз сондай-ақ, ұзату күні love stotry-дің орнына, өзінің жаңа «Оқтай атылам» бейнебаянының тұсауын кесті. Клипте Әйгерім мен Әділ басты рөлде.

Поделиться: