<strong>«Неке қидырдыңыз ба?» Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарын қызықтырып қойды!</strong>

Кәмшат Жолдыбаеваның инстаграмдағы соңғы жазбасы оқырмандарын ойландырып қойды. Әнші балбұл жайнап жүрген видеосын жүктеп, фолловерлерінен бұл қуанышының сырын сұрады:

«Былай қарасаң, келесі бір сәрсенбі ғой , дегенмен ЕРЕКШЕ КҮН 16.11.2022 🧡

Неге ?

Сіздерде не жаңалық?»

Кәмшат Жолдыбаеваның орамалмен түсірген видеосына, оқырмандар некесін қиған шығар деп топшалауда. Себебі, өнер иесі жазбасына жүрек қалдырып, ерекше күн екенін айта кеткен.

Еске салсақ, Кәмшаттың бақыттан басының айналуының себебі — махаббат. Эстрада жұлдызы актер Ғазрет Қажымұқанұлымен көңіл жарастырғалы бері жәйнап жүргені жасырын емес. Ал, Каманың посттының астына қалдырған сыры жайлы жақын арады білетін боламыз деген сенімдеміз.

Поделиться: