<strong>Тегін презентация!  Дильназ Ахмадиева тыңдармандарын альбомының тұсаукесеріне шақырды!</strong>

Дильназ Ахмадиева шығармашылығындағы ұзақ үзілістен кейін су жаңа альбом жазғанын мәлімдеді. Әнші «Бессонница» атауына ие болған EP жинақ жарыққа шығармақ. Декреттік демалыстан кейін алғаш үлкен еңбегін ұсынғалы отырған өнер иесіне бұл орайда «The Jigits» тобының мүшесі Әлшілер Эгембердиев жәрдемдескен.

Дильназ жаңа үнтаспаның тұсаукесерін тыңдармандарына тегін өткіземін деп шешкен. Ахмадиева өзін сүйіп тыңдайтын жанкүйерлерін 20-шы қараша күні жеке концертінде күтетін болады.

Поделиться: