«Таңнан кешке дейін баламен алысып жүремін» Мақпал Исабекова не үшін бала күтуші жалдамайтынын айтты?

Декреттік демалысқа шыққан Мақпал Исабекова бар уақытын ұлына жұмсап жүр. Әнші бүгінде шығармашылығын ысырып қойып,тұңғышының қасында қалуды таңдаған. Өнер иесі тіпті тәулік бойы үйде отыруға да қарсы емеспін дейді. Оған себеп, бала күтушінің жоқтығы. Мақпал мұндай идеяны құп көрмейді екен. Бұл туралы әнші «Түңгі студия» бағдарламасында айтты.

«Үйде бала қарап отырмын. Бала күтушісі жоқ. Таңнан кешке дейін баламен алысып жүремін. Бала күтушісін жалдайтын әйелдерді де сөкпеймін. Бірақ бұл менің шешімім. Өйткені балаға ең кемі бір жасына дейін анасы қарау керек. Балаға анасынан басқа ешкім керек емес. Баланы көптен күттім. Оны туа сала, күтушіге қалдырып кеткен дұрыс емес. Өзім баламның өскенін, өзгергенін, қылықтарын көргім келеді. Жұмысқа шығу керек деген талап жоқ. Құдайға шүкір, күйеуім бар. Ақша жетіп жатыр. Жұмысқа шығуыма асығыс жоқ. Осы бағдарламаға түсетінім үшін Астанадан арнайы ұшып келіп, баланың жанында қалды», — деп Мақпал Исабекова сұқбат берген.

Поделиться: