Топ-5 жыныстық қатынастан кейін қоюға болмайтын сұрақтар
Фото: Pexels.com

Cosmo-бикеш! Біздің контрибьютор-эксперт сексолог-маман Мөлдір Қазиева бүгін жыныстық қатынастан кейін жігітке қоюға болмайтын сұрақтар жайлы материал дайындады!

“Аңдамай сөйлеген — ауырмай өледі” деген сөзді естуіңіз бар ма? Күндіз солай шығар, бірақ түнгі өмірде аңдамай сөйлеуден аулақ болған дұрыс. Себебі, төсек қатынасына қатысты аңдамай айтқан сөзіңіз еркектің екі бұтының ортасынан байқамай тепкенмен бірдей. Күлкілі шығар, бірақ ащы шындық…



Сондықтан, бүгін төсек қатынасынан кейін айтуға болмайтын фразаларды ұсынамын. Оқып, көңілге тоқып алыңыз.

Сонымен, секстен кейін айтуға болмайтын сөздер қандай?

«Тездетші, мен шаршап тұрмын»

Күні бойы тірліктен шаршап, ұйқыңыз келуі орынды. Алайда, ол үшін еріңізді асықтырудың қажеті жоқ. Бұл ынтығып тұрған еркектің құмарын су сепкендей басады. Сондықтан, уақытпен асықтырып, оны шектемеңіз.

«Бар болғаны осы ма?»

Сын айтқанда абай болыңыз. Егер төсек қатынасынан ләззат алмасаңыз, не бірнәрсе ұнамаса ойыңызды бұлай жеткізу өте дөрекі. Еркектің сағы сынып, беті қайтып қалуы мүмкін. Қалауыңыз бен ойыңызды жеткізу үшін басқа сөз тіркестері мен қолайлы уақыт таңдаңыз. Тек төсек қатынасынан кейін емес.

«Кеше күшті болған еді…»

«Сенің де кешегі асың дәмді болған еді, бүгін #чё-то онша емес» деген сияқты естіледі. Сондай салыстыру сөз естіген сізге де ұнамайтынын білем. Сондықтан, сіз де оны салыстырудан аулақ болыңыз.

«Мына жерің ұнамай тұр»

Жақындасып болған соң дене бітіміне қатысты сын айту дұрыс емес. Төсек қатынасының буы басылмай, қанда адреналин ұрып тұрғанда ондай ыңғайсыз әңгімелер кейінге қалсын.

«Маған шуба қашан әпересің?»

Жыныстық қатынастан кейін кейбір әйелдер серіктестері келіспейтін тақырыпта әңгіме қозғайды. Жағдайды пайдаланып, оған мұндай манипуляция жасауға тырыспаңыз. Жыныстық қатынастан кейін еркекке манипуляция, қысым жасаудың соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан, шуба мәселесін кейінге қалдырыңыз.

Маңызды: Төсек қатынасынан кейін өзін бағалы, сүйікті екенін сезінбеген еркек сізден алыстайды. Сондықтан комплимент жасауға тырысыңыз, болмаса осындай сөздерді айтудан аулақ болыңыз.

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта