18+
29 июня 2016

Түркияда біздің Сүйінбай ақынның ескерткіші ашылды

Түркияда Анкара қаласында 19-20 маусым күндері біздің еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқы болуымен қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Арон­ұлының ескерткіші ашылды.

Бюс­ті­нің авторы – белгілі мүсінші Нұрғалым Исабаев. Ашылу салтанаты барысында Сүйінбай бабаның шөпшегі, қоғам қайраткері, сәулетші Ғабит Садырбаев осы игі шараға ұйытқы болған аза­мат­тарға және бүкіл түрік жұртшылығына жү­рекжарды тілегін білдірді.

Бір миллионға жуық халқы бар Кешиөрен муниципалитетінің «Калаба Кентм»  атындағы алаңында қазақтың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін түрік жұртшылығына насихаттау мақсатында «Қазақстан үйі» атты үй-көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия ара­сын­­дағы мәдени қарым-қатынас жоғары дең­гейде жалғасуда. Екі ел арасындағы саяси, мәдени, рухани байланыс­тарымыз нығайып, Түр­кия­ның ірі-ірі қала­ларында қазақстандық әдебиетіміз бен мәде­ниетіміздің ірі тұлға­ларының ескерт­кіштері орнатылып, көшелерге аттары бері­ліп, орта­лық­тар мен саябақтар ашылды.

Түркияда біздің Сүйінбай ақынның ескерткіші ашылды 1

Сүйінбай ескерткішінің ашылу салтанаты ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай өткен халықаралық конференция барысында өтті.

Айта кетейік, өткен 2015 жыл­дың басын­да ұлы Абай Құнанбаев пен Мағ­жан Жұмабаевтың, Қазақтың күйші қызы мен Қабанбай батырдың ес­керт­кіштері орна­­тылған болатын. Ал соңғы жылдары Абылай хан­ның ескерткіші бой көтеріп, Абылай хан атындағы саябақ жасалды. Сондай-ақ, Түркияның Невшехир қаласында Қазақстан атындағы, Анкара қаласында Абай Құнанбаев атын­дағы, Қыр­шехир, Гебзе, Адана сынды қалала­рында Дина Нұрпейісова атындағы және Тәттім­бет атындағы саябақтар ашылды. Бұл – екі ел арасындағы шынайы бауыр­ластықтың бірден-бір көрінісі.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: