Қыз баланың көкірегі өсейін деген кезде анасына не істеу керек?
Фото: Pexels.com

Cosmo-бикеш! Біздің контрибьютор-эксперт сексолог-маман Мөлдір Қазиева бүгін қыз баланың көкірегі өсейін деген кезде анасына не істеу керек деген сұраққа жауап береді!

Қызыңыз өзіне сенімсіз және жасқаншақ болып өскенін қаламасаңыз “ұят” дегенді қойыңыз. Әсіресе, оның шошайып көкірегі өсіп, сүт бездері енді дамып келе жатқанында.

«Иии… Мына қыздың омырауы байқалып қапты ғой. Қалың кофта ки, мынаны тақ. Ағаңнан, көкеңнен тағысын тағыдан ұят болады, көрмесін» деп қызыңызды комплекске көмбеңіз.

Қыз баланың көкірегі өсейін деген кезде анасына не істеу керек?

Омырау өсуі қыздың шамамен 9 жасында басталып, 3-4 жыл жүретін процесс. Алдымен, омырау шамадан тыс үшкірленген болып көрінуі мүмкін, бірақ уақыт келе ол домаланған қалыпқа келе бастайды. Осындайда, алаңсыз бала көңілмен шауып жүрген қызыңыз жаңа дене мүшесінің кенеттен өсуінде толғанары сөзсіз. Мұндайда сіздің, яғни анасының қолдауы мен кеңесі қатты маңызды.

Ал сіз келіп, “бұл ҰЯТ, оны жасыр, КӨРСЕТПЕ” десеңіз қалай болады?

Жаңа болмысына онсыз да бойы үйрене алмай жүрген қыз өзгелерден жасқаншақтанады. Омырауын жасыру үшін бүкірейе бастайды, соңында омыртқасы қисайған өзіне сенімсіз адам өседі. Түптеп келгенде, ертең ерінің алдында шешінуге, омырауын көрсетуге ұялатын өзіне көңілі толмайтын әйел болады.

Кей аналар қызының омырауының ұшы көрінсе бітті төстартқыш сататын дүкен аралап кетеді. Бірақ бұл шешім емес. Енді өсіп келе жатқан омырауды қандай болсын төстартқышпен тарту / қысу зиян келтіреді. Төстарқыштар сүт бездерінің өсуін тежейді, омырау дұрыс өспейді, тағысын тағы проблемалар туындайды. Жоғарыда айттым, омырауы толық жетілгенше 3-4 жыл уақыт керек. Яғни, өсіп болған соң ғана төстарқышты “на вкус” таңдай бересіздер.

Анасы ретінде енді не істей аласыз?

Бір қыздар өз омырауынан ұяла бастайды, оны кең киім астына тығады, кейбірі керісінше әдемі төскиім сатып алуға асығады, және өздерін әйел етіп сезінгісі келеді. Кез келген жағдайда қызыңыз сіздің кеңесіңіз бен қолдауыңызға мұқтаж.

Қыз баланың көкірегі өсейін деген кезде анасына не істеу керек?

“Қызым сенің омырауың өсіп келеді екен. Мен қуаныштымын. Әрбір дені сау баланың осындай жасында өзгерістер болуы қалыпты. Тек сен ұялма, қысылма! Менің көмегім не кеңесім қажет болса мен әрдайым қасыңдамын” — деп қолдай отырып, омырау гигенасы жайлы да айтуды ұмытпаңыз.

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта