Қыздық перде (гимен) жайлы қызықты ақпарат
Фото: Pexels.com

Қаракөз қыздарымызды қыздық перденің зақымдалуы-зақымдалмауы қатты алаңдатады екен. Жекеме келген хаттардан байқаймын. Сондықтан бұл материалда қыздық пердені түсіндіруге арнадым.



✔️Әдетте қыздық пердені (ғылыми тілде ГИМЕН) көбісі қынапты толық жауып тұрған “қабырға” секілді елестетеді. Гимен қынапты жағалай орналасқан, ортасында тесігі бар, пішіні сақина тәріздес болып келетін жұқа созылмалы үлбір түріндегі шырышты өскін. Оның формасы ӘРТҮРЛІ болуы мүмкін: қынаптың бергі немесе ар жағындағы қабырғасында орналасқан ай тәріздес пішінді үлбір, торлы және т.б.

Қыздық перде (гимен) жайлы қызықты ақпарат

✔️Тағы айтарым АЛҒАШҚЫ жыныстық қатынаста міндетті түрде ауырады, қан болады деген МИФ. Ал кей жағдайларда бірінші, екінші, үшінші жыныстық қатынаста да қан болуы мүмкін. Кейде қыздық перде мүлдем жыртылмай тек созылуы мүмкін. Ал кей әйелдерде қыздық пердесі босанғанда түсіп жатады. Барлығы әрбір қыздың жеке физиологиясына байланысты. Сондықтан, бас салып “қыз болмай келдің” деп қыздығына қатты қарайтындарға осы постты жіберіңіз.

✔️Жекеме келетін хаттардың арасында «сүрініп қалып едім😩, қатты затқа соғылып іш киімімде аздаған қан байқадым» дейтіндер де бар. Соларға жауабым: “Сыртқы травмадан, сүрініп-жығылудан қыздық перде зақымдалмайды. Ол қынаптың ішкі жағында 5-7 см-ге дейінгі тереңірек орналасқан. Сондықтан, сүрініп кеткеннен ол бұзылады дей алмаймын.

Қыздық перде (гимен) жайлы қызықты ақпарат

✔️Қыздар! Қыздығыңыздан айрылғаныңызды немесе жоқтығын білмеймін дегенді қойыңыздар. Білмесеңіздер айтайын, жыныстық қатынасқа түскенде, мастурбация жасағанда қыздық пердеге зақым келуі мүмкін. Яғни, қыздығыңыздан айрыласыз, басқа түсініксіз жағдайларда күмәніңізді сейілту үшін маманға жүгінгеніңіз абзал.

Көп қойылатын сұрақтарыңызға жауап алдыңыздар деп ойлаймын. Сізде де сұрақ туындаса пікір ашық ⤵️

Текст: Мөлдір Қазиева

Поделиться:
Читайте также