Жаңа жылды қалай бақытты қарсы алу қажет? Ол үшін 6 нәрсені ұмытпа!

Жаңа жылдың келуіне аз ғана уақыт қалды. Жаңа өмір, жаңа парақшаны жаңадан бастау үшін сіз мерекеге дайын болғаныңыз жөн. 1-ші қаңтарға дейін не істеу қажет, сізге Doctorpiter дәрігерлері мынандай кеңес береді:

Бір сағат бұрын ерте тұру қажет

Бір сағат ерте тұру деген, 7-8 сағаттық ұйқы режимін бұзу деген сөз емес. Маңыздысы, ерте жатып, ерте тұруға тырысу. Өзіңіздің ұстанып жүрген күн тәртібіңізді өзгерту қиынға соғар бірақ, бұл сізге тек пайдасы әкелмек. Ерте ояну белсенділікті сақтауға және сіздің психикалық денсаулығыңызға пайдалы әсер береді.

Серуендеу

Таза ауада серуендеу, қоршаған ортамен тілдесу сіздің көңіл-күйіңізді көтереді. Бұл екі нәрсені бірге жасасаңыз, бір күнде жүріп өтетін қадамдарыңыздың саны көбейіп, денсауылығыңызда жақсармақ.10 минуттық серуеннен кейін де, сіз өзіңізді сергек сезінесіз.

Гаджеттегі экран уақытын азайтыңыз

Ең алдымен, сіз әлеуметтік желілерге қанша уақыт жұмсайтыныңызды анықтап алыңыз. Ғаламторға кеткен сол уақытты азайтуға тырысыңыз.

Бұл қадамнан кейін сіздің ойыңыз жинақы, жан дүниеңіз мотивацияға толы болмақ. Оған қоса, ұйқысыздықты да жоюға кепілдік бар.

Әлеуметтік желідегі артық аккуанттардан бас тартыңыз

Әлеуметтік желілерде ревизия жасаңыз. Себебі, ғаламторда сізді шабыттандыратын адамдар ғана емес, сіздің көңіл-күйіңізді түсіретіндер де бар. Өзіңізге тек жағымсыз әсер беретін жандарды қадағалап қажеті қанша?!

Сондай-ақ, өзіңіз үлгі көріп, салыстыратын адамдардан да бас тартыңыз.

Тек табиғи азық-түлікпен тамақтану

Мөлшерінен көп тамақтану денсаулыққа зиян. Ал егер сіз өңделген тағамдарды жей берсеңіз, 2 есе кері әсерін көресіз. Есіңізде болсын, құнарлы тағамдарды жеу, өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Себебі, ғалымдардың айтуы бойынша, ішек мимен тікелей байланыста, сондықтан сіз жейтін нәрсе денсаулыққа ғана емес, көңіл-күйіңізге, тіпті мінез-құлқыңызға да әсер етеді.

Мақсаттарыңызға баға беріңіз

Әлем бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерді. Мүмкін сіз 2022 жылдың қарсаңында қол жеткізгіңіз келген нәрсе өзектілігін жоғалтқан шығар. Егер сіз оны жасаған болсаңыз, мақсаттар тізімін қайта оқып шығудың, түзетулер енгізудің, арманыңызға қаншалықты жеткеніңізді бағалаудың уақыты келді.

Поделиться: