18+
1 января 2016

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері

Жаңа жылдың бірінші күнінде кинотеатрларда қандай киноны көруге болатынын білмей тұрсаңыздар, біз сіздерге көмектесуге асығамыз. Сіздердің назарларыңызға жаңа жылдық бірінші аптаның ең үздік фильмдерін ұсынамыз.

 

31-ші желтоқсанда режиссёр Эриксон Кордың «На гребне волны» ремейкінің премьерасы өтті. Фильм Джонни есімді Федералдық тергеу бюросында (FBI) жұмыс істейтін агент жайында баяндайды. Ол көптеген күрделі жағдайлардан амал тауып шығып, берілген тапсырмаларды әрқашанда тиянақты орындайтын жігіт. Осы жолы оның жаңа тапсырмасы ұрылар бандасына еніп, олардың сеніміне кіру болады.  Алайда бұл әдеттегі ұрылар бандасы емес, олардың басты ерекшелігі — экстремалды спорт түрлеріне құмарлық. Өздерінің сол шеберліктерін олар әрбір ұрлықтан кейін көрсетіп, рахаттанады. Сондықтан олардың командасына ену басты кейіпкерге қиыншылық туғызады. Ұрыларды ұстап алу үшін, Джонни оларға бір ұстанымды ұстанатынын дәлелдеуі қажет. Агент өз өміріне қауіп төндіру арқылы бандаға өз істерін дәлелдеуге асығады.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 1

Осы фильмнің алдында Эриксон Кор аты шулы «Форсаждың» операторы болған. Әрине, біз режиссерден тыныс тарылатын экшнге, көптеген ерекше трюктерге толы киноны күтеміз. Басты рөлдерді Люк Брейси, Эдгар Рамирес, Тереза Палмер, Тобиас Зантельман, Рэй Уинстон және тағы да басқалар сомдайды.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 2

Айта кетейік, алғашқы «На гребне волны» фильмі 1991-ші жылы түсірілген. Жаңа фильм осыдан он төрт жыл бұрын түсірілген картинадан кем болмайды деп күтілуде.

 

Ресейлік режиссёр Сергей Чекаловтың «Срочно выйду замуж» комедиясының премьерасы да бейсенбіде өтті. Фильм редактор болып жұмыс істейтін Евгения есімді еңбекқор бойжеткен жайында баяндайды. Женя білімді, әрқашанда өз мақсатына жететін тұлға. Бір күні оған бас редактор болу керемет мүмкіндігі түседі. Бірақ, басылым акционерлерінің басты талабы бар — бұл қызметке тек тұрмыстағы ару ғана жете алады. Әрине, Женя осындай мүмкіндікті өткізіп ала алмайды.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 3

Сондықтан ол тез арада тұрмыс құру мәселесін шешуге тырысады. Ол досы, Стас есімді фотосурешінің көмегіне жүгінеді. Стас ақсүйектілер қоғамы жиналатын шараларда көп суретке түсіретіндіктен, ол Женяға лайықты болашақ жұбайын іздей бастайды. Іздеу барысында достар көптеген қызықты жәйттарға тап болады. Кейінен жігіт Женяға қалай ғашық болғанын білмей қалады.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 4

Басты рөлді Сандра Буллок пен Райан Рейнольдс ойнайтын голливудтың «Предложение» сияқты фильмі көңіліңізден шықса, осы ресейлік комедия да сізге әбден ұнауы мүмкін.

«Срочно выйду замуж» фильмінде басты рөлдерді Юлия Ковальчук, Алексей Чумаков, Екатерина Маликова, Сергей Бурунов, Ольга Прокофьева және тағы да басқалар сомдайды.

 

Режиссёр Сарик Андреасянның «Мафия: Игра на выживание» фильмі 1-ші қаңтардан бастап экранға шықты. Танымал «Мафия» ойынын барлықтарың білетін шығарсыңдар? Осы кино сол ойынның негізінде түсірілді.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 5

Андреасян бізге алыс болашақтағы Мәскеуді көрсетеді. «Мафия» карталық ойыны әлемдегі ең танымал шоудың біріне айналды. Он бір қатысушы бір жерге жиналып, олардың ішінде кім татулы тұрғын, ал кім аяусыз мафия екенін анықтайды. Бұл шоу қатысушыларға қулыққа, алдаушылыққа, қорқынышқа, өшпенділікке, ауырмашылыққа толы сезімдер мен эмоцияларды сыйлайды. Нәтижесінде женген адам үлкен ақшалай сыйлыққа ие болады, ал жеңілген қатысушы — өмірімен қоштасады.

«С Новым годом, мамы!» фильмінің режиссёрінің жаңа фантастикалық лентасы Ресейдегі соңғы бес жылдың ішіндегі ең танымал әрі жақсы сатылымдарға ие болады деп күтілуде. Қазіргі таңда «Мафияға» Бразилия, Үндістан, Жапония, Қытай, Корея, Германия және АҚШ елдерінің дистрибьюторлары қызығушылық танытып жатыр.

«Мафия: Игра на выживание» фильмінде басты рөлдерді Виктор Вержбицкий, Вениамин Смехов, Юрий Чурсин, Вячеслав Разбегаев, Ольга Тумайкина, Андрей Чадов және тағы да басқалары сомдайды.

 

Жаңа жылдың бірінші күнінде ағылшын режиссёрі Дэнни Бойлдың «Стив Джобс» фильмінің көрсетілімі басталады. Бұл Apple компаниясының негізін қалаған баршаға танымал Стив Джобстың өмірі жайлы кезекті жаңа кинотуынды.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 6

Бойл бізге Джобстың өміріндегі 1984-ші, 1988-ші және 1998-ші жылдары өткен ең басты презентазиялардың алдындағы үш кезеңді көрсетеді. Фильмде Джобстың адамдармен қарым-қатынасына, олармен туындаған шиеленістерге көп көңіл бөлінеді. Осы қарым-қатынастар Стив мырзаның мінезіне, армандарына, мақсаттарына қандай ықпал еткені ашылады.

Бойл және сценарий авторы, «Оскар» жүлдесінің иегері Аарон Соркин фильмді Джобстың өмірбаянындағы оқиғаларын ғана көрсеткісі келмеді. Олар Стивтің мінезін адамдармен қарым-қатынасы арқылы көрсеткісі келді.

Соркиннің сценариі ақпан айында өтетін «Оскар» марапаттау салтанатында жеңімпаз атануы мүмкін деп жоспарлануда.

«Стив Джобс» фильмінде басты рөлдерді Майкл Фассбендер, Сет Роген, Джефф Дэниелс, Кейт Уинслет, Майкл Стулбарг және тағы да басқалары сомдайды.

 

Сондай-ақ,бірінші қаңтарда сіздер Майкл Догертидің «Крампус» жаңа жылдық қорқынышты фильмін көре аласыздар. Фильм бір американдық қалада мерекелік жаңа жылдық үстел басына бас қосқан татусыз бір жанұя жайында баяндайды. Бір біріне тіл тигізгісі келетін туыстардың арасында кішкентай бала бар. Ол Санта Клаусқа сенеді, Жаңа жылда айналада барлығы бақытқа, күлкіге және қуанышқа толы болу керек деп ойлайды. Нәтижесінде осы отбасылық мерекесінен әбден көңілі қалған бала Жаңа жылда ерекше тілек тілейді. Осыдан бастап түрлі қорқыныштар басталады.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 7

Альпілік фальклорға сенетін болсақ, Крампус – ешкіге ұқсайтын, ата анасын тындамайтын, бұзық балаларды қорқытатын аңыз кейіпкері. «Люди Икс-2» сценариінің авторы Догерти жаңа жылдық романтикалық киноларға қарсы келетін өзінің артықшылығы бар жақсы фильм түсірді.

Бұл қорқынышты жаңа жылдық кино кішкентай балаларды қорқыта алады. Ал үлкендерге болса сәл көңілдерін көтерер.

«Крампус» фильмінде басты рөлдерді Адам Скотт, Тони Коллетт, Дэвид Кокнер, Эллисон Толман, Кончата Феррелл және тағы басқалары сомдайды.

 

Беделді испандық режиссёр Алекс де ла Иглесианың «Убойный огонёк» жаңа фильмі әлем экрандарына шықты. Біздің кинотеатрларда бұл киноны сіздер көре алмайтын да шығарсыздар. Бірақ, мүмкіндік болса, бұл комедияны көруге асығыңыздар.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 8

Фильм жаңа жылдық бағдарламаны түсіру барсында болған келеңсіз жағдайлар жайында баяндайды. Бағдарлама түсіріліміне халық жақсы көретін көптеген танымал тұлғалар шақырылады. Түсірілім алаңында қырсыққанда бірінің артынан бірі бұрын болмаған жағдайлар туындай бастайды: түсіру краны массовкада тұрған адамдардың үстіне құлайды, Адан есімді поп-жұлдызды жанкүйері масқаралайды, бір актер сол жерде танысқан аруды ұнатып, сонымен бағын сынамақшы болады және тағы да басқа қызықты әрі ойға сыймас нәрселер жасалады. Шоуға шақырылған танымал қонақтар тіпті келе жақтан мерекеге риза болмай, ызаланады.

Жаңа жылдың бірінші аптасының басты фильмдері 9

Сіздер барлығына танымал «Голубой огонекті» естеріңізге түрсіріп отырған шығарсыздар. Венециандық кинофестивальдің басты жүлдесінің иегері Алекс де ла Иглесиа танымал жаңа жылдық бағдарламалардың керемет сықақ пародиясын түсірді. Режиссердің шеберлігін ескере отырып, фильм күлкілі әрі ерекше болып шыққанына күмәніміз жоқ. Сонымен қатар, «Три метра над уровнем неба» танымал фильмінің жұлдызы Марио Касастың жаңа жұмысы үлкен қызығушылық танытады.

Басты рөлдерді Рафаэль, Марио Касас, Пепон Ниэто, Бланка Суарес, Уго Сильва және тағы да басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: