Жандос Айбасов футболдан әлем чемпионатының жарнамасына түсті!

Қазақстандық танымал актер әрі каскадер Жандос Айбасов футболдан әлем чемпионатының жарнамасына түсті. Киногер «Al-Kass Sports Channels» каналы арнайы таспалаған роликке арнайы шақырту алған. Жандос бұл туындыға «Nomad Stunts» каскадерлік командасының атынан қатысып отыр.

Жандос Айбасов футболдан әлем чемпионатының жарнамасына түсті!

Түсірілім жұмыстары Катар мемлекетінде таспаланған. Айбасовтың айтуынша, актер алғаш рет ыстық шөл далада атпен шапқан. Еске салсақ, футболдан әлем чемпионаты биыл 22-ші рет, 20-ші қараша мен 18-ші желтоқсан аралығында Катар елінің астанасы Доха қаласында өтеді.

Поделиться: