Жазира Байырбекова продюсер атанбақ!

Талай жыл сахнада жүрген әнші Жазира Байырбекова енді продюсерлікті қолға алмақ. Өнер иесі топ құру туралы жаңалығымен инстаграм парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

Жазира Байырбекова продюсер атанбақ!

Бүгінде продюсерлік жұмысқа қызу кіріскен Байырбекова, жаңа ұжым мүшелеріне кастинг жариялап қойған. Осылайша, әнші қазақ музыкасына өз үлесін қоспақ. Бағыты – дәстүрлі әндерді тыңдарманға паш ететін қыз-жігіттерден құралған топ. Ал, оның атауы әзірге белгісіз. Жазира бұл орайда инста оқырмандарының кеңесіне жүгінбек.

Поделиться: