×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+

Жәнібек Әлімханұлы: «Спорт — ең бастысы тәрбие береді»

Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтетін жазғы Олимпиадалық ойындардың басталуына аз уақыт қалды. 5-ші және 21-ші тамыз аралығында сол жерде біздіңспортшыларымыз еліміздің туын қорғайды. Қазақстанның атынан 26 спорт түрінен 100-ден астам спортшы Олимпиадаға жолдама алды. Әдеттегідей еліміз бокс пен ауыр атлетикаға үлкен үміт артып отыр. Осы спорт түрлерінен біздің қазынаға міндетті түрде алтын алқа түседі деген үміттеміз.

Ұлттық Олимпиада комитеті cosmo.kz редакциясын AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясына апарып, боксшылармыздың дайындығын көріп қайтуға мүмкіндігін сыйлады. Біз боксшылармызбен әңгімелесіп, Риоға аттанатын алдында қандай көңіл күйде жүргендерін, дайындықтары қалай өтіп жатқанын көріп қайттық. Өткен апталарда біз сіздерге боксшылар Иван ДычкоӘділбек Ниязымбетов және Василий Левиттіңсұхбаттарын ұсынған болатынбыз. Бүгін орташа салмақта алтынға ең басты үміткер болып отырған  чемпион жігітіміз Жәнібек Әлімханұлымен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Жәнібекпен жақынрақ танысып, Олимпиадада оған жанкүйер бол. Сіздердің қолдауларыңыз спортшылар үшін өте қажет.

 

Олимпиадаға жорамал қандай? Дайындығымыз ойдағыдай өтті. Қазақстан құрамасы бұрыннан бері Олимпиадалық ойындарға қатысып келе жатыр, жүлделер де ұтқан болатын. Біздің мақсатымыз бұрыңғы нәтижелерді озып шығу. Қазіргі таңда әр мемлекет кез-келген спорт түрін дамытуға тырысады. Соның ішінде біздің ел де қалысып жатқан жоқ. Біздің спортшылардың дәрежесі жылдан жылға өсуде. Боксқа келетін болсақ, соңғы жылдары бұл спорт әлемде жақсы даму үстінде. Менің салмағымда (орташа салмақ – Редакцияның ескертпесі) өнер көрсететін қанша боксшы бар, солардың барлығын интернет жүйесінен тауып, техникасын қарап, жасайтын қателерін байқап, зерттедім әрине. Жалпы мен өзім күнделік жазам, егер бірдеңені ұмытып жатсам, ашып қараймын. Сондай-ақ, жаттығуларымды, қарсыластар жайында белгілер де сол жерде жасаймын.

Орташа салмақтағы боксшылар жылдамдық, ойлану және қулық жағынан өте шапшаң болады. Бұл қасиеттер оларда жақсы дамыған. Сондықтан сен де олардан қалыспауың керек, бірнеше қадам алда болғаның дұрыс.

Жәнібек Әлімханұлы: "Спорт - ең бастысы тәрбие береді" 1

Кейбір кездері рингке шығатын алдында не ойларыңды да білмей қаласың.Жекпе-жек алдында уайымдайсың, толғанасың, дұға етесің. Мен Аллаға сенемін, әр жарыста сыйынып шығамын. Ең бастысы психологиялық жағынан өз-өзіңді ұстау керек. Бұл әр спортшы үшін өте маңызды болып табылады. Физикалық жағынан сен керемет дайын болып тұрсаң, психологиялық жағынан сәл босап қалсаң, жеңіліп қалуың мүмкін.

Әр мемлекетте бокстың өз ерекшеліктері бар. Соларға қарап, ойлайсың — неге бізде сол ерекшелік болмау керек? Біздің қазақ боксы да шетелден еш кем емес. Біздің де боксшыларымызда өзінің ерекшеліктері бар. Әр бапкер өз шәкіртіне бокстың мәнерін қояды, өзінше дайындайды. Мәселен, менде біреуге еліктеу деген жоқ. Үйрену, жарысу барысында әркім өз стилін табады.

Жеңілу – ол әрқашанда тек сенің күнәң. Сол сәттерде біреуді күнәлап, өзіңді ақтайтын дәлелдер іздеудің қажеті жоқ. Менің басымнан жеңіліс өтті. Ол мен үшін үлкен сабақ, тәжірибе болды. Кейін мен бұл қателіктерді түзеп, жұмыс істеп, спортшы ретінде өстім.

Жәнібек Әлімханұлы: "Спорт - ең бастысы тәрбие береді" 2

Спорт ең бастысы адамға тәрбие береді. Нағыз жігіт болуға тәрбиелейді. Шыдамды болуға үйренесің, төзімділігіңді артасың. Спорттың адам баласына үлкен мәні бар. Оны мойындамау үлкен қателік. Әр бала спортпен шұғылданса, біз салауатты әрі тәрбиелі жастар өсіреміз.

Пайдалы, белсенді демалысты ұнатамын. Бокстан демалғанда біріншіден әрине үйдің шаруасымен айналысамын, ата-анама көмектесемін. Басқа кездері достарымен балық аулауға барамын, атқа мініп, серуендеймін. Үйде теледидардың алдында жату немесе ойын-сауық сауда орталықтарына баруды онша ұнатпаймын. Бұл ешқандай пайда әкелмейтін іс.

Жәнібек Әлімханұлы: "Спорт - ең бастысы тәрбие береді" 3

Шетелдік жарыстарға барғанда бір қызықты жағдай болған. Әуежайда жолжүгімізді өткізіп, жарыс болғалы жатқан елге ұшып келген жайымыз бар. Керекті жерге келіп, жүкті күтіп жатқан кезде, менің жүгім келмей қалды. Оның ішінде рингке киіп шығатын киімін, құжаттарым және басқа да қажетті заттарым бар. Кейін белгілі болғандай, багажым қателікпен басқа мемлекетке ұшып кетіпті. Әуе компания қызметкерлері кешірім сұрап, багаж үш күннен кейін келеді деді. Ал ертеңгі күні бізде жарыс, маған спорттық киімдер мен құжаттар қажет. Сол жарысқа біз он боксшы болып барғанбыз. Әріптестерімнен рингке шығатын киім сұрауға мәжбүр болдым. Біреуінен перчаткаларды алсам, екіншісінен шалбар, үшіншісінен футболка, төртіншісінен аяқ-киім алып, сөйтіп жүріп әйтеуір қажеттісін жинадым. Бұл жиналған әр түрлі киімдердің өлшемі де әр түрлі – біреуі үлкен, біреуі кішкентай. Рингке шыққанда мен өзімді өте ыңғайсыз сезіндім, ашуландым. Соған қарамастан, нәтижесі жақсы болды, мен жеңдім. Үйге қайтқан кезде, осы жағдайды еске түсіріп, барлығымыз жақсылап тағы күліп алдық.

Журналист әрі жазушы Несіп Жүнісбайұлының кітаптарын оқимын. Маған оның қозғаған тақырыптары ұнайды. Содан кейін Қазақстан тарихына қатысты ғылыми жұмыстар, түрлі зерттеулер, кітаптар да маған өте қызық. Әр оқылған кітаптан кейін өз тұжырымдарымды жасаймын.

Жәнібек Әлімханұлы: "Спорт - ең бастысы тәрбие береді" 4

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: