Жыныстық қатынас кезіндегі күтпеген жарақаттар
Фото: Pexels.com

Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева бүгін жыныстық қатынас кезіндегі күтпеген жарақаттар жайлы әңгіме қозғамақ!

Секс – өте пайдалы және жағымды жаттығу болғанымен, төсек қатынасы кезінде жарақат алуыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз.



Күніге 80 млн адам төсек қатынасы кезінде ӨЗДЕРІ себепші болатын жарақаттар алады. Статистика бойынша адамдардың 33% секс кезінде бір рет болсын жарақаттанған.

Жыныстық қатынас кезіндегі күтпеген жарақаттар

Ең көп болатын жарақаттар қандай, білесіз бе?

  • Сіңірдің созылуы, кілемге денесін сырып алу (үйкелістің салдарынан), көгерулер және сүйектің орнынан таюы. Әсіресе, әйелдің тізе-шынатақпен (төрт тағандап тұрғанда) тұру позасында болады.
  • Байқамасаңыз қынапты жарақаттап немесе мүшені сындырып алуыңыз мүмкін. Бұл жарақат шабандоз позасында (еркектің үстінде әйел отырғанда) көп кездеседі. Оқыс қимлдағанда сынған секілді дыбыс естіледі. Еркек мүшесінде өткір ауруды сезінеді. Мүшенің сынуы өте қауіпті және жедел көмек көрсету керек.
  • Шәуеттің байқаусызда көзге, құлақ немесе мұрынға түсуінде инфекция тудыруы мүмкін. Мұндайда көз қызарып бірнеше сағат ауырсынады. Сондықтан бетіңізді жууды ұмытпаңыз.
  • Бөгде заттарды қолдану. Әсіресе, әйелдерде жиі кездеседі. Гинекологтар әйелдің қынабынан бильярд шарын, ұмыт қалдырған тампон, сосискидің жартысын (сторис көргендер түсінеді) т.б. бөгде заттарды алған. Тіпті, бөгде заттар әйелдің қынабына жарақат салған жағдайлар да жиі кездеседі. Сондықтан секс үшін арналмаған заттарды пайдаланбағаныңыз дұрыс.
  • Сүйектің сынуы және ми шайқалуы. Төсектен құлағанда немесе ваннада сырғанақ полдың үстінде секспен айналысу салдарынан болады.
Жыныстық қатынас кезіндегі күтпеген жарақаттар

Кейбірі ойынға беріліп кеткені соншалық өзі серіктесіне зиян / жарақат әкелуі мүмкін.

Егер сіз төсектегі акробатикалық трюктерге дайын болмасаңыз бір жерден көрген күрделі позаларды, әрекеттерді қайталауға тырыспаңыз. Денсаулық секстен бұрын қажет.

Секс кезінде ұқыпты болыңыз және одан жарақат емес РАҚАТ алыңыз!

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта