Жыныстық өміріңді қалай әртараптандыруға болады?

Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева жыныстық өміріңді қалай әртараптандыруға болады деген сұраққа жауап бермек!

Мен білемін! Сіз төсек қатынасында ерекшелік болғанын қалайсыз. Бірақ интим-тауарлар сататын дүкеннің табалдырығын аттаудан ұяласыз. Енді не істейсіз? Оның да шешімін тауып қойдым. Пост пайдалы, өтіп кетпей тұрып сақтап алыңыз.



Күнделікті барып-келіп жүрген дүкеніңізден де жатын бөлмеңізге жарамды заттар табуға болады. Менің көзіммен қараңыздар. Сонымен, секс-шопқа шаппай-ақ әдеттегі дүкеннен екеуіңізге қызық не алуға болады?

Жыныстық өміріңді қалай әртараптандыруға болады?

Малярлы скотч


Кристиан Грейге пайдалануға болады да, сізге болмай ма? Скотчпен серіктесіңнің қолын байлап БДСМ стилдегі “қылмыскер мен полицей” ойынын ұйымдастырыңыз. Бірақ, оған зақым келетіндей әрекет жасамаңыз!

Маска


Ия, карнавалдық маска. Кез келген өрнекті масканы ал. Образға ену үшін шілтерлі іш киім, чулки және біз өкше туфлиіңізді тықылдатып келіңіз. Мулен Руждан қай жеріңіз кем? Серіктесіңнің жоғары бағалайтынына сенімдімін.

Атлас лентасы


Лентамен көзді байлап сезімге бай түн ұйымдастыруға болады. Тағы қолбайлауға да жақсы.

Жыныстық өміріңді қалай әртараптандыруға болады?

Көпіршітілген кілегей / Взбитые сливки


Қазақшасы көпіртілген кілегей екен. Не екенін түсінген боларсыз? Оны қалай пайдалану керектігін айтудың қажеті жоқ шығар? Ең бастысы жыныс мүшелеріне жақпаңыз, басқа жеріне рұқсат.

Қолғап / Перчатки


Медициналық қолғаптарды табу қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Қолыңызға киіп алып медициналық рөлдік ойынды бастап жіберіңіз.

Балмұздақ


Оральдік аймалау барысында суық балмұздақпен аузыңызды мұздатып алыңыз. Тіліңізбен оның ең сезімтал зоналарына тиіңіз. Оральді аймалауда, жылы суды бір ұрттап, артынан мұздай балмұздақпен салқындататын болсаңыз еріңіз басқа планетаға ұшып кетеді.⠀

Жыныстық өміріңді қалай әртараптандыруға болады?

Сіз жатын бөлмесінде әдеттегі заттардан нені пайдаланасыз? Эксперимент жасап тұрасыз ба?

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта